"Көңілді жаз - 2018"

«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беру мектебі» КММ жанындағы «Күншуақ»жазғы сауықтыру лагерінің өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конститутцисына, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігінің бұйрықтарына сүйене отырып,балалардың сауықтыру лагерінің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.

2018 жылы  1 маусым күні «Күншуақ» лагерінің салтанатты ашылуы өтті. «Күншуақ»  жазғы сауықтыру лагерінің негізгі мақсаты  оқушылардың жазғы кезеңдегі бос уақытын демалысын және сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру болып табылады.

 «Күншуақ» лагерінің салтанатты ашылуына барлық демалушы балалар белсенді түрде атсалысты. Өлең айтып, би билеп әр қайсысы өз өнерлерін ортаға салды. Түрлі ойындар ұйымдастырылып, балалар қызықты әрі көңілді демалды. Балаларға түскі ас кезінде мерекелік дастархан жайылып, көңіл күйлері одан әрі жадырады. Сол күні балалар табиғат аясында болып таза ауамен демалып, түрлі ойындар ойнады. Бұл күні өткізілген іс шаралар оқушылардың көңілінен шығып, өте жақсы демалып үйлеріне тарқасты. Қазіргі уақытта лагерь жұмысы өз жалғасын табуда.

 

 

 

 

 

Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім-тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан-дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.

Мақсаты:  «Күншуақ» лагеріне келген әрбір оқушыны алдымен жақсылыққа, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелей отырып, оқушылардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалана білуге үйрету. Балалардың жаз мезгіліндегі демалысын, сауықтырылуы мен тиімді әрі мағыналы өткізуге жағдайлар жасау, қауіпсіздік ережелерін үйрете отырып салауатты өмір салтын қалыптастыру, рухани және мәдени білімдерін жетілдіру, салт – дәстүрін дамыту, Отан сүйгіштік – патриоттық сезімін арттыру.

Маусым айының 1-28 аралығында  мектебіміздің «көп балалы және аз қамтылған» отбасынан шыққан оқушыларды  «Күншуақ» жазғы тынығу лагеріне қабылданып, күн тәртібі бойынша   мұнда таңертеңгі сағат 9.00-ден кешкі 5-ке дейін демалады.  Балалар  ыстық тамақпен қамтылып, жататын орындары, бөлмелері кең, таза, әсемделген, тазалық сақталған.  Жазғы лагерьде балалардың сапалы тамақтануы да назардан тыс қалмаған. Арнайы бекітілген ас мәзірі бойынша балаларға  3 мезгіл тамақ беріледі.  

Маусымның 1-күні «Күншуақ» лагерінің ашылу салтанаты болып өтті. Мұнда мектебіміздің директоры П.Жұмаханова сөз сөйлеп ашылуымен балаларды құттықтап, қызықты өтуіне тілек білдірді.