«Приозерск қаласының білім  бөлімі» мемлекеттік мекемесі  келесі бос лауазымға орналасуға конкурс жариялайды:

 

Приозерск қаласының «Балбөбек» бөбекжай-бақшасы» КМҚК директоры. Приозерск қаласының  «Балбөбек» бөбекжайы» ҚМКК орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101100 Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кисунько көшесі 7а үй, тел.  8 (71039) 54529.

 

Приозерск қаласының «Балақай» бөбекжай-бақшасы» КМҚК директоры, Приозерск қаласының  «Балақай» бөбекжайы» ҚМКК орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 101100 Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Жеңіс бульвары 32/2 үй, тел. 8 (71039) 55131.

 

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары педагогикалық білімі және мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдарындағы педагогикалық жұмыс өтілінің 5 жылдан кем болмауы тиіс.

 

Конкурсқа жіберілген үміткерлер  белгіленген тәртіппен конкурсқа қатысуға жіберілген адамдар тізімдері бекітілген соң он күнтізбелік күн ішінде Приозерск қаласы, Достық көшесі, 23, 3 кабат 1 кабинет,  мекенжайы бойынша  «Приозерск қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінде әнгімелесуден өтеді.

 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:  көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;  мемлекеттік және орыс тілдеріндегі түйіндеме; еркін нысанда жазылған өмірбаян; білімі туралы құжаттардың көшірмелері;  еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесін; бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

 

Құжаттар БАҚ ресми басылымдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап  15 күнтізбелік күн ішінде келесі мекенжайға тапсырылуы тиіс: Приозерск  қаласы, Достық көшесі, 23, 1 каб. (үшінші қабат), байланыс телефоны      8 (71039) 54190.