Құрметті, ата –аналар! Жыл сайын жылы күндер басталысымен республикада балалармен жазатайым оқиғалар саны өсуде, бұл ретте көбінесе екі жастан алты жасқа дейінгі балалар.

Бұл апаттардың негізгі себебі балаларды қараусыз қалдыратын ата-аналардың бейқамдығы болып табылады.

ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің деректері бойынша, 2018 жылы терезелер мен балкондардан балалардың түсіп кетуінің 15 оқиғасы орын алды (7 бала қаза болды, зардап шеккендер – 8), ағымдағы жылдың 5 айында - 32 (6 бала қаза болып, 27 бала зардап шекті).

2018 жылы еліміздің су айдындарында барлығы 341 адам суға кетті, оның ішінде 89 бала, ағымдағы жылдың 5 айында - 98 адам, оның ішінде 24 бала (көбінесе 4-7 жас және 11-16 жас аралығындағы балалар суға кетеді).

Сонымен қатар, кәріз люктерге, арықтарға және қазылған шұңқырларға құлауына байланысты жазатайым оқиғалар орын алады. Осылайша, 2018 жылы 14 адам қайтыс болды, оның ішінде балалар – 12, ағымдағы жылдың 5 айында - 42 адам, оның ішінде балалар – 29. Сонымен қатар, зардап шеккен және қайтыс болған балалардың саны ағымдағы жылдың 5 айында ғана
2018 жылдың барлық кезеңіне қарағанда 3 есе көп.

Баяндалғанды ескере отырып, балалардың жазатайым оқиғалардың санын азайту мақсатында қауіпсіздік ережелерін сақтауларыңызды сұраймыз.