Тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша

 
2014 жылдан бастап депутаттардың бастамасы және мектеп директорларының ұсынысы бойынша мектепте тамақтануды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді, тауарларды жеткізушіні таңдау тамақтану сапасына әсер ететін баға демпингіне, сондай-ақ мектеп директорларының көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тікелей бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігінің болмауына байланысты Мемлекеттік сатып алу жүйесінен шығарылды. Бүгінгі күні орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу тәртібі пысықталды (ҚР БҒМ 31.10.2018 ж. №598 бұйрығы).

Балалардың тамақтану сапасы мен қауіпсіздігіне кепілдік беру мақсатында Ережеде қызметкерлердің білікті штаты бар осы қызметті көрсетуге неғұрлым дайындалған жеткізушіні таңдауға мүмкіндік беретін өлшемдер көзделген (жұмыс тәжірибесі, аспаздардың біліктілігі, технологтардың, диетологтардың, оң сипаттамалардың, азық-түлік өнімдерінің өзіндік өндірісінің, энергия үнемдейтін жабдықтардың болуы).

2018 жылдан бастап тамақ өнімдерін сақтау жағдайына, дайындалатын тағамдардың қауіпсіздігі мен сапасына әсер ететін мектеп асханаларының материалдық-техникалық базасын жақсарту үшін мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетігі енгізілді.

Сондай-ақ, Ережеге сәйкес конкурстық комиссиялардың құрамына ҮЕҰ және ата-аналар қауымдастығы, қамқоршылық кеңестері, сондай-ақ қоғамдық денсаулықты сақтаудың аумақтық органдарының өкілдері енгізілген.

Жаңа піскен және табиғи азық-түліктерді пайдалануын қамтамасыз ету үшін ережеге сәйкес жеткізушінің  мектептік тамақтандыруды ұйымдастыру кезінде (шаруа немесе фермер қожалығы, жылыжай және басқалар) пайдаланылатын азық-түліктердің өз өндірісінің болуы үшін қосымша баға алуы және отандық өндірушілердің азық-түліктерін сатып алуы көзделген.


Тағамдардың, тамақ өнімдері мен аспаздық өнімдердің тұтынушылық қасиеттері, олардың органолептикалық қасиеттері, дайындау технологиялары мен шарттары балаларға арналған тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бөлігінде Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне сәйкес келуі тиіс.

        
Өнім беруші шарт талаптарын бұзған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, шарт сот тәртібімен бұзылады және осы жеткізуші жосықсыз деп жарияланады (2018 жылғы 31 қазандағы №599 бұйрығы).

        
2015 жылы білім алушылардың жекелеген санаттарын сапалы тамақпен қамтамасыз ету мақсатында министрлік Қазақ тамақтану академиясымен бірлесіп алғаш рет балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, бір реттік мектепте тамақтанудың бірыңғай нормаларын әзірледі (2012 жылғы 12 наурыздағы №320 ҚР ПП).

        
Бұл нормаларда балалардың ағзаға қажетті барлық микронутриенттерді: дәрумендерді, минералдық заттарды және микроэлементтерді алуы көзделген.

        
2018 жылы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған "Денсаулық" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, сондай - ақ білім беру ұйымдары оқушыларының салауатты (ыстық) тамақтануына қызығушылығын арттыру мақсатында ҚР ДСМ оқу орындарында тамақтану рационы бойынша бірыңғай стандарттар әзірленді.

        
2019 жылдан бастап Министрлік білім беру органдары мен ұйымдарының мектептік тамақтануын ұйымдастыруына камералдық бақылау енгізді, ол объектіге бармай бақылау іс-шараларын жүргізуге мүмкіндік береді.


Бұдан басқа, Министрлік ҚР ҚМ-мен бірлесіп мемлекеттік сатып алу порталы арқылы конкурстық рәсімдерді электрондық форматқа ауыстыру мәселесі қарастырылуда.

        
Бүгінгі күні мектеп қызметкерлері мен ата-аналар  қызмет көрсетуді тұрақты бақылауды жүзеге асыру мүмкіндігі заңнамалық түрде қарастырылған. Әр мектепте балалардың тамақтануын бақылау бойынша комиссия жұмыс істейді. Комиссияны мектеп директоры басқарады,құрамына мектеп медбикесі, педагогтар, ата-аналар комитетінің, қамқоршылық кеңесінің мүшелері кіреді.

        
Тамақтануды ұйымдастыру ережесіне сәйкес қызметті жеткізуші ай сайын орта білім беру ұйымының басшысына олардың сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарды қоса бере отырып, білім алушылар үшін пайдаланылатын тамақ өнімдерінің тізбесі туралы мәліметтерді ұсынуы тиіс.

        
Күн сайын медицина қызметкері немесе жауапты тұлға дайын тағамдардың сапасын органолептикалық бағалау журналына жазба енгізе отырып, органолептикалық бағалауды жүргізеді.


Осылайша, қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі балалардың тамақтану сапасына әсер етуге мүмкіндік беретін барлық қажетті тетіктерді пысықталды. Бүгінгі күні білім беру ұйымдары басшыларының (бракераждық комиссия төрағалары) жауапкершілік деңгейі бірінші жоспарға қойылған.


Осыған байланысты, мектептегі тамақтанудың сапасын арттыру жөніндегі Министрлік қызметінің негізгі бағыты тамақтану сапасын бақылау жөніндегі бракераждық комиссиялар қызметінің тәртібін кеңінен ақпараттық жария етуді қамтамасыз ету болып табылады. Сондай-ақ білім алушылар мен олардың ата-аналарын балалардың тамақтануын ұйымдастыру кезінде бұзушылықтар анықталған кездегі одан арғы іс-әрекеттер туралы хабардар ету қажет.

 

 

 


«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – нде мектеп асханасын тексеру қорытындысы

 

«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Нұр Отан» партиясы жанынан құрылған комиссия 2019 жылдың 18 қаңтары күні мектеп асханасында тексеру жүргізді. Тексеру барысында тамақтың құрамы, асхананың тазалығы, тиісті құжаттарды тексерді.    

         

Тексеру қорытындысында асханаға бейне бақылау қою тапсырылды.

 

 

 

 

 

 

 

View the embedded image gallery online at:
http://sh1priozersk.kz/kz/mektep-askhanasy.html#sigFreeId9de5941485
.


 



\

 

Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі типтік үлгідегі асхана жұмыс жасайды. Мектеп асханасында  оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуде  арендатор жеке кәсіпкер Алтаева Марфуға Асантаевна жұмыс істейді.

Асхана көлемі 292,6м2.  Мектеп ас бөлігі асханадан, буфет және тамақ сақтау бөлігінен тұрады. Асханада 3 мұздатқыш, 3 электр плитасы, 3 пісіру шкафтары, 1электр ыдысы, 1 ет тартатын құрылғы бар.

Мектеп асханасында ыдыс – аяқ 100 пайызға жабдықталған. 80 үстел мен 160 орындық бар., яғни 180 адам  тамақтана  алады. Асханада 4 адам жұмыс істейді Барлығы  медициналық тексеруден өткен, жұмыс істеуге рұқсат қағаздары бар.Асхананың санитарлық- гигиеналық жағдайы өте жақсы. Асхана жұмыскерлерінің барлығында жұмыс киімдері бар (халат, алжапқыш, бас киімдер).

Ас бөлігі күніне 2 рет жуылып тұрады. Ас өнімдерін сату уақытында барлық ережелер сақталады. Асхананың іші таза, кең, 2016 жылы күрделі жөндеуден өткен.

2017 – 2018 оқу жылында    0-11 сыныптар оқушылар саны – 1137.  Оның 235 «көп балалы» отбасынан шыққан оқушылар.  Әр квартал сайын  айына кіретін кірісі есептеліп, 165 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Оқушыларды тамақтандыру  белгіленген кестеге сәйкес жүргізіледі. Барлық сынып жетекшілері оқушыларды асханаға алып барады және тамақтану кезіндегі оқушылардың тәртібін қадағалайды.

 

 

 

 

 

 

Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде құнарлы тамақтануды ұйымдастырылған бойынша ақпарат

 

«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ –гі  1-11 сыныптар  аралығындағы «Қамқорлыққа» алынған, «Көп балалы және аз қамтылған» отбасыларынан шыққан оқушылар бір мезгілдік тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде.

Мейірбике  асханадағы  қолданылатын тағам түрлерін үнемі тексеріп,күнделікті тағам мәзірі  қадағаланады. Тамақтың құрамының сапалы болуы және даярланған тамақтың сапасын сынаулары бойынша «Бракеражный журналға» күнделікті тағам мәзірі тексеріледі. Мектеп  асханасында  оқушылар пайдаланатын  ауыз суды уақтылы  қайнатылып, суытылуын, қолданылатын стакандардың  ауысуын үнемі бақылауда.

 

 

  

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың

2016 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында

«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде атқарылған іс шаралар туралы ақпарат

 

    Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылардың тамақтануын ұйымдастыру бойынша басты міндеттері:

- әлеуметтік қорғансыз отбасылар санатына жатқызылатын отбасылардан шыққан оқушыларды тегін тамақтанумен қамту;

- ата-аналар (заңды өкілдер) қаражаттарының көмегімен оқушыларды рационалды тамақтандыруды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасау;

- білім беру мекемесінің асхана бөлмелерінің материалдық базасын нығайту және жаңарту;

- тамақтанудың санитарлық-гигиеналық қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- ата-аналар (заңды өкілдер) мен оқушылардың арасында ыстық тамақтанудың қажеттілігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу.

Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылады, мұнда тегін ыстық тамақ алуға құқығы бар оқушылардың тізімдік құрамы бекітіледі.

Приозерск қаласының Білім бөліміне көп балалы және әлеуметтік қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата-аналар тапсырған құжаттарға сәйкес оқушыларға білім бөлімінен жолдама алады.

Барлық шешімдерді ұсынылған құжаттар (ата-аналарының өтініші, санатын растайтын құжат, сынып жетекшісі мен ата-аналар комитетінің отбасын тексеру акті) негізінде қабылданады.

Тегін тамақты келесі санаттарға жатқызылатын көп балалы және әлеуметтік қорғансыз отбасылардың балалары алады:

- көп балалы отбасынан шыққан балалар;

- аз қамтылған отбасынан шыққан балалар;

- жетім балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балалар (заңды өкілінің);

- қамқоршылықтағы (қорғаншылық) балалар, асырап алынған балалар;

- асыраушысын жоғалту бойынша жәрдемақы алатын балалар.

- жалғыз басты аналар.

Мектепте оқушылардың уақытылы және сапалы тамақтандырылуы мәселелерінің шешімін табу үшін оқушылардың тамақтану сапасын және ұйымдастырылуын бақылау комиссиясы құрылған.

Комиссия құрамы мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.

Комиссия құрамына келесі өкілдер кіреді: мектеп әкімшілігі, ата-аналар қоғамы, педагогикалық ұжым, медициналық қызметкер.

 

 

 «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы» ұлттық бағдарламасы бойынша атқарылған іс шаралар туралы ақпарат

 

«Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы» ұлттық бағдарламасы бойынша іс шаралар жоспарланып 1-11 сынып аралықтарында жас ерекшеліктеріне сай тәрбие сағаттары, флешмоб, ата-аналар жиналысы, пікірталас өткізілді.

Бұл өткізілген іс-шаралар мақсаты: Балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мен күшейту бойынша аса өзекті мәселенің бірі толыққанды тамақтануын қамтамасыз ету болып табылады.