23.12.2015

 

2015 жылғы 15 желтоқсан күні «Приозерск  қаласының  №1 жалпы   білім   беретін   орта мектебі» КММ-де ҚР  Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік  тірегіміз» атты салтанатты  жиыны өтті. Салтанатты жиынға 06728 ә/б тәрбие  ісі  жөніндегі  орынбасары   майор  Н.З.Хасенов қатысып, «Қазақстан  Тәуелсіздігі - Мәңгілік  ел  болудың  биік  тұғыры»  тақырыбында баяндама оқыса, қалалық оқу бөлімінің әдіскері.

 

П. Шойбекова келген қонақтарды, ұстаздарды, оқушыларды, жалпы білім беретін пәндерден олимпиададан қалалық олимпиададан жүлдені орынға ие болған оқушыларды, олимпиадаға дайындаған пән мұғалімдерін құттықтады.   Мерейлі мереке тұсында  5 – 6 сынып оқушыларының мақтаулы озат оқушылары «Жас ұлан» балалар  мен  жасөспірімдер  ұйымы қатарына салтанатты түрде қабылданды.  мектеп директоры Жұмаханова Панар Айдарханқызы «Жас ұлан»балалар  мен  жасөспірімдер   ұйымының  мүшелерін құттықтады

 

 

 

10 – сынып оқушысы Агилен   Жұлдыз  «Қазақ  елі  осындай!»,Коляр  Назерке  «Қазақстаным, алға!» әнін,  5-6 сынып оқушылары «Тәуелсіздік толғауы» туралы тақпақтар оқыды.

 

Отанымыз Қазақстанымыз туралы айтарымыз да, мақтанарымыз да көп-ақ! Ендігі жеңіс те, ерлік те біздің қолда. Дербес болуға бағыт алған егемен еліміз – Қазақстанды көркейтетін, шаңырағын биіктетіп байытатын, абыройын асырып, өз бақытының иесі болуына қол жеткізіп отыратын, білім мен білік жолын таңдаған кейінгі ұрпақтар, яғни, біз жұмыла еңбек етуіміз қажет. Таяудағы жүз жылдық, әрідегі мың жылдықтарда қазақтың арманы мен мүддесі, елдігі мен еңбегі баянды, Тәуелсіздігі мәңгілік болсын!