29.12.2017 

 «Приозерск   қаласының  №1 ЖОББМ» КММ-де  2017-2018  оқу  жылында  қалалық   ішкі  істер  бөлімінде  есепте  тұратын  оқушы  саны-1. Ол  6 «в» сынып  оқушысы   Умаров  Нұрхан.  

      Мектепішілік    есепте  тұратындар  саны:8. Олар   7 «б»  сынып  оқушысы  Утешов  Асылан. Асылан-  жанұяда үш  бала  тәрбиеленуде, балалардың   үлкені, екі  қарындасы  бар. Асылан  өте ашуланшақ, сыныптастарымен  тез  кикілжіңге  түседі, сабақ  үлгірімі-орташа. Сыныптастарын  тез  ренжітеді, ұрып  тастайды. Үнемі  қадағалауды қажет  ететіндіктен  мектепішілік   есепте  тұрады. 6 «в» сынып  оқушысы  Умаров  Нұрхан . Сыныптастарын  тез  ренжітеді. Өтірік  айтады. Ата-анасын  да  тыңдамайды. 9 «ә» сынып  оқушысы  Мухан  Алмас   анасының  тәрбиесінде. Алмас  та  сабақтан  жиі қалады, қыркүйек  айында  сабақ  уақытында бірнеше  рет  аулада жүргені, сабақтан  бірнеше  рет  кешігіп  келгені  үшін  есепке  алынды.Алмасты  да  қадағалау  мақсатында  бірнеше рет    тәртіпбұзушылық  жасағаны  үшін  есепке  қойылды.

 

Халменов   Талғат   9 «ә» сынып  оқушысы, бұзық  өтірікті  көп  айтады. Ата-анасын  тыңдамайды. Тайшыман  Жаңабек  8 «ә» сынып  оқушысы, тәртіпсіздікті көп  жасайды. Сыныптастарымен  көп  кикілжіңге түседі.

 

Ықыласов Айдар  7 «а» сынып  оқушысы, тәртібі  орташа, жанұяда анасымен  5 бала  тәрбиеленуде, жағдайлары өте  төмен, анасының  тұрақты  жұмысы  жоқ, сондықтан   баланы  назарда  ұстау  мақсатында  есепке  алдық.

 

1 «а» сынып  оқушысы  Файзуллаева  Арыстан  мен   3 «г» сынып  оқушысы  Олжабай  Эльнараны  денсаулығында  ақауы болғандықтан  есепке    алдық.Себебі,  бұл  оқушылар  үнемі  қадағалауды қажет  етеді, өзге сыныптастарын  ұрып  немесе  затын  тартып  алады.

 

Бұл  мектепішілік  есепте   тұратын  оқушыларды  мектеп  психологтары , әлеуметтік  педагог   өз  есебіне  алып, жеке  жұмыс  түрлерін  өткізеді.

Қыркүйек  айында  мектеп  инспекторларымен   біріге  атырып, 8-9 сынып  оқушыларының  №2 мектеп  оқушыларымен  болған  төбелес  анықталып, ұйымдастырушылардың  ата-анасы  мектепке  шақырылды, түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді. Қыркүйек  айында  жоғары сынып  ұлдарымен  екі  рет  жиналыс  жасалып, тәртіп  жайлы  оқушылардың  төбелеске  бару  себептері  жайлы  айтылды. Жиналысқа  мектеп  инспекторы, полиция  капитаны  З.Бабалинова  және  полиция  лейтенанты Н.Юсупова  қатысып, оқушыларға  «Жасөспірімдерге  қолданылатын  жаза»  тақырыбында лекция оқыды.

 

     Қазан  айында  10 «ә» сынып  оқушысы  Абдраманов  Асханның  анасы  мектепке  шақырылып, оқушының   мектеп  ережесіне  сай кешікпеу, сабақтан  қашып  кептеуі жайлы түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді. Сонымен  қатар  10 «ә» сынып  оқушысы  Б.Тұрсынбаймен   де  сабақтан  себепсіз  қалатыны  және де, және  сабаққа  кешікпеуі туралы  түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді.

 

        Қараша  айында  6 «в» сынып  оқушысы  Умаров  Нұрханның  тәртібі  қарастырылып, оқушыны  қалалық  әкімшілік  жанындағы  комиссия  отырысына  қарауға  ұсындық, осы  комиссияның  шешімімен  оқушы  Қалалық  ішкі  істер  бөлімінің  есебіне  алынды.

 

          Желтоқсан  айында  мектеп  инспекторлары  Н.Юсупова  мен  З.Бабалиновалармен  бірген  отырып,  барлық  сыныптарға  пиротехникалық  заттарды  қолдану  барысында  сақ  болу  жөнінде  түсіндірме  жұмыстары  жүргізілді. Сондай-ақ , қыс  айында  көл  үстіне  шықпау, сақтық  шаралары  айтылды.

 

   

 

 

Мектеп  директорының ТІЖО                                Абишева  Ғ.Ж