«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде 2018 жылдың  20 сәуір күні жас жол инспекторлар жасағының қалалық сайысы болып өтті. Сайысқа «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінен «Бағдаршам», «Приозерск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебінен «ДТП» отрядтары қатысты.

 Сайыс 5 бөлім бойынша өтті:  1) саптық жаттығу; 2) ЖЖЕ бойынша сұрақтар; 3) велосипедшілер жарысы; 4) «Жас санитар» жарысы; 5) «ҚЖИ-ға 45 жыл! Біз мерекені игі істермен құрметтейміз» тақырыбында үгітбригада конкурсы.   

Әділқазылар алқасы мүшелері қатарында ҚІІБ-нің майоры, жас патрульдік бөлімінің бастығы - Асқарқұл Нұрлан, ҚІІБ-нің полиция аға сержанты, мектеп инспекторы - Турлыбаев Бекзат, Приозерск қаласының қалалық ауруханасының травмотолог дәрігері Асылтаев Айбек Жанатович және 44841 әскери бөлімінің қызметкері болды.

Сайыс қорытындысы бойынша «Приозерск қаласының  №1 жалпы орта білім беретін мектебі - 50 ұпай, ал №2 мектеп - 40 ұпайды қанжығасына байлады. Нәтижесінде «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінің «Бағдаршам» отряды  1- орынды иеленіп, Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданында мамыр айының 14-16 күндері өтетін жол қозғалысы жас инспекторлары жасақтарының республикалық 19 слетіне жолдама алды.