Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті» республикалық мемлекеттік мекемесінің хаты негізінде  «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агентігімен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2018 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес «Приозерск қаласының Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңгері  Жақсыбекова  Айдана Мейрамбекқызының қатысуымен жалпы ата – аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында лекция тезистерін және ескертпе жадынамалар, видео роликтер пайдаланылды. Мектепте ақша жинау, сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жоқ. Алдағы уақытта түсіндірме жұмыстары алдын алу шаралары жүргізіледі.

13.06.2017

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті сұ­рақ­тардың бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шыға­ратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әке­ле­тіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қа­зақстан Рес­публикасының мемлекеттік сая­са­тының негізгі басымдылықтарының бі­рі болып осы зұлымдықпен күресу болып та­былады. 

09.06.2017

 

 


07.06.2017

2016 – 2017  оқу жылы бойынша «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында өткізілетін іс – шаралар жоспары