Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оралмандар, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар (тұруға ықтиярхаты немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігі бар) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (ТМККБК)Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей алуға құқығы бар.

Төмендегілерге Қазақстанның басқа азаматтарымен қатар Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорына (ӘМСҚ) жарналар төлеу бойынша бірдей міндеттері және толық көлемде ТМККК және МӘМС пакеттеріне құқықтары бар:

  1. 2020 жылдан бастап ҚР аумағында тұрақты тұратын жұмыс істейтін шетел азаматтары, олар жарналарды жұмыс берушілер арқылы төлеуге міндетті;
  2. өз бетінше жұмыспен қамтылған шетелдік азаматтар екінші деңгейдегі банктер немесе "Қазпошта" бөлімшелері арқылы өз бетімен жарна төлеуге міндетті;
  3. Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар зейнеткерлер – шетел азаматтары үшін жарнаны Қазақстан мемлекеті төлейді және олар сақтандырылған болып саналады;
  4. Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар тұрақты тұратын шетелдік азаматтар ӘМСҚ-да сақтандырылуға міндетті

Қазақстанда тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары өз бетінше емхананы таңдап, олардың біріне тіркелуі тиіс.

"ТМККК шеңберінде медициналық көмек алу үшін, ал болашақта міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде пациенттер емхананы немесе аурухананы, сондай-ақ дәрігерді таңдауға құқылы. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркелу науқаны кезінде емхананы таңдауға болады", - деп түсіндірді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры" КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының директоры Фазыл Копобаев.

Қазақстан Республикасында уақытша тұратын оралмандардың, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың айналасындағыларға қауіп төндіретін жіті аурулар кезінде уәкілетті орган айқындайтын тізбеге сәйкес тегін медициналық көмек алуға құқығы бар.  Егер республикада уақытша жүрген шетелдік ТМД елдерінің бірінің азаматы болса, онда ол жазатайым оқиғалар, уланулар, жарақаттар, босану және жүктілік кезіндегі шұғыл жағдайлар кезінде жедел және шұғыл медициналық көмек алуға құқылы. Бұл азаматтарға бұдан басқа медициналық көмек ақылы негізде көрсетіледі.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры» КЕАҚ

Қарағанды облысы бойынша филиалы

Тел.: 8-7212-604483