11.04.2014

             «Приозерск  қаласының  №1 жалпы  білім беру орта  мектебі» КММ Ұлыстың - ұлы    күні   Наурыз мерекесі   кең  көлемде   аталып  өтілді.Бастауыш  сыныптарда    ұлттық  салт  дәстүрді  насихаттау  өскелең  ұрпақ  бойына  дарыту   мақсатында     «Сиқырлы  қазан»    фестивалі  болып  өтті.  2 «а» сыныбы   «Ат   қою»  салт-дәстүрін көрсету  барысында   көріністер  және   тақырыпқа  сай  ән, бидер  орындады.  2 «ә» сыныбы «Бесікке салу»  тақырыбы   бойынша   салт  дәстүр  түрлерін  ата-аналарын  қатыстыра  отырып  орындады.  Әндер  шырқалып,  билер  биленді. 2 «б» сыныбы «Шілдехана»  дәстүрін  көрсету  барысында   жаңадан  туған  нәрестенің    тойын  жасап,  үлкендер  батасын  берді.  2 «в» сыныбы  «Ашамайға  мінгізу» дәстүрі   арқылы   баланы  атқа  мінгізіп   елге   сүйінші   сұрап, ұлан  сыр  той  жасады. Ал  енді  3 «а» сыныбы  «Тұсау  кесу»  рәсімін  көрсету  үшін  ата-анасы  және  оның  кішкене   бүлдіршінінің   тұсауы кесілді  және  шашу  щашып, тұсаукесер  тойы  жасалды.  3 «ә» сыныбы «Баланы  қырқынан  шығару»  рәсімін  көрсету  барысында  жаңадан  туған  баланы    суға  түсіріп,  қырқынан  шығарды,  3 «б» сыныбы «Бәсіре»  дәстүрі  арқылы   нағашы   жұрты  жиеніне  бәсіреге  ат   сыйлауы  көрсетілді. 3 «в» сыныбы «Төс беру»  рәсімі  арқылы   күйеу   балаға  төс  ұсынуы  көрініс  арқылы   көрсетілді.  4 «а» сыныбы болса  «Наурыз» мейрамында   ойналатын  ойындарды  көрсетсе,  4 «ә» сыныбы «Қонақ кәдені»  көрініс  арқылы   көрсетті. 4 «б» сыныбы «Саумалдық»  айту  рәсімін   нақты  көрініс арқылы, ән  билерімен  көрсетті.   4 «в» сыныбы «Көгентой» рәсімін, 4 «г» сыныбы «Алтыбақан»  басындағы  ойналатын  ойын  түрлерін  және  қыздар  мен  жігіттер  арсындағы  айтыс   түрлерін  көрсетті. Әділ  қазылардың  шешімімен   2  сыныптар  арсында  2 «ә» сыныбы  І орынды  иеленді.Ал  2 «б», 2 «а» сыныптары  ІІ орынды  иеленді.Ал  2 «в» сыныбы  ІІІ  орынды  иеленді.3 сыныптар  арасында   3 «б»  сыныбы  І  орынды  иеленсе,3 «а» және  3 «в» сыныбы  ІІ  орынды  иеленді. Ал  3 «ә» сыныбы  ІІІ  орынды  иеленді.4 сыныптар  арасында  І  орынды  4 «г» сыныбы ,ІІ орынды  4 «в» және  4 «а» сыныбы   иеленді. ІІІ  орынды  4 «б» сыныбы  және  4 «ә» сыныптары  иеленіп   мектеп  әкімшілігінің  мақтау  қағаздарымен  марапатталды. Сонымен  қатар  наурыз  мерекесіне  белсене  қатысып,  өскелең  ұрпақ  бойына  салтдәстүрді  дарытуға өзіндік  үлес   қосқандары  үшін  бір  топ  ата-аналар   маратталды. Барлық  сыныптарда    Ұлыстың  Ұлы  күні  Наурыз  мерекесіне арналған   ашық  тәрбие  сағаттары   өткізілді. Ата-аналардың  қатысуымен   салт  дәстүр  түрлері   оқушыларға  көрсетілді. 21  наурыз  күні   қала  халқы  Наурыз  мерекесін  зор  қуанышпен,ықыласпен  қарсы  алды. Мектеп  ұжымы  да  өзіндік  үлес  қосып,  қала  халқына  Наурыз  көжесін  ұсынды. Мерекелік   спорттық  жарыстарға   қатысты. Қала  көлемінде  өткізілген  ұлттық  киімдерді  көрсету   сайысына  қатысты

 

  

  

  

  

  

  

  

  

  

                          

 

Мектеп   директоры                           П.Жұмаханова