Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 25 қазандағы №544 бұйрығына, Приозерск қаласы Білім бөлімінің 2017 жылғы 27 қараша күнгі «2017 - 2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданы өткізу туралы» №1-6/123 бұйрығы негізінде  Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде  жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңіне қатысып, жүлделі орын алғандар, қалалық кезеңіне 18 оқушы қатысты.

Қалалық кезеңнен сүрінбей өткен 7 оқушы облысқа қатысу үшін жолдама алады. Облыстан 7 оқушының жұмыстары қаралып, 3 оқушының жұмыстары іріктеліп алынып, облысқа қатысу үшін жолдама алды. Олар: 10-сынып оқушылар ағылшын тілінен Абдуллаева Айдана Жалгасбаевна, қазақ тілінен Мухамеджанова  Даяна Талгатовна, құқық негіздері пәнінен 11-сынып оқушысы Рахат Ақсұлу Исабекқызы. Бұл оқушылар облыстық кезеңге қатысып, нәтижесінде құқық негіздері пәнінен қатысқан 11а сынып оқушысы А. Рахат ІІ орын Дипломмен марапатталып, республикалық олимпиадаға қатысу үшін жолдама алды. Мұғалімі Карабаева Маржан Лесбековна. Республикалық пән олимпиада  2018 жылдың 25 -30 наурыз аралығында Қостанай қаласында өтті. Нәтижесінде оқушымыз А. Рахат ІІ орын Дипломмен марапатталды.

Рахат Ақсұлудың қуанышын бөлісу үшін сыныптастары, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері Сарышаған кентіне барып күтіп алды.

2017 - 2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  олимпиаданың жеңімпазы А. Рахатты  жүлделі ІІ орынға ие болғаны үшін  құттықтаймыз.