«Приозерск  қаласының  №1  жалпы  орта білім  беретін  мектебі» КММ-нде 2019 жылдың 12 маусым күні мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру кеші болып өтті. Бұл кеште осы айтулы күннің себепшілері, еліміздің ертеңгі тізгінін қолға алар түлектеріміз құрметпен ортаға шақырылды. Мектеп бітіруші түлектерді құттықтау үшін Приозерск қалалық Мәслихатының депутаты Балтышев Ерік Тәткенұлы мен Приозерск қаласы ББ-нің басшысы Касимова Гуля Кенесовнаға сөз берілді. Түлектерімізге үлкен өмір жолына жолдама болар аттестатты мектеп директоры Жұмаханова Панар Айдарханқызы мен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Утегенова Гульзира Оспанқызы табыстады.


Кезекті құттықтау сөз түлектердің алғашқы ұстаздары мен сынып жетекшілеріне және ата-аналарына беріліп, олар өздерінің лебіздерін білдіріп, ақжарды тілектерін жеткізді. Алғашқы ұстаздар мен сынып жетекшілерге арнап  Сегізбай Саида мен Тынысова Гүлжазира «Ұстазым» әнін шырқады.


Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру кеші 11-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты. Мухамеджанова Даяна, Назар Орынбек, Сиязбек Айсұлу және Шыңғысбай Айзат сынды түлектеріміз мұғалімдерге қимастықпен жыр шумақтарын арнаса, артынша «Қоштасу» вальсі биленді. Сонымен бірге «Мектеп өмірінен» қысқа әзілдер айтылып, кеш соңында Сиязбек Айсұлу мен Шыңғысбай Айзаттың орындауында «Қош бол, мектебім!» әні шырқалып, мектеп бітіруші түлектер әнге қосылды.


2018-2019 оқу жылының мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру кеші өз мәресіне жетті.