Жаңа оқу жылының басталуын жариялау, 1-сыныпқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндерді құрметпен қарсы алу, жас ұрпақтың бойында жоғары патриоттық сананы қалыптастыру және белсенді азаматтық ұстанымды ынталандыру мақсатында «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде 2019 жылдың 1 қыркүйек күні білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің басы болған «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты салтанатты жиыны болып өтті. Музыка әуенімен салтанатты жиын ашылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұраны шырқалды.

 

Салтанатты жиында биылғы оқу жылының ең кішкентай оқушылары, яғни бірінші сынып оқушылары үлкен құрметпен ортаға шақырылды. Приозерск қаласының әкімі Камзин Қайрат Амангелдіұлы мен «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің директоры Жұмаханова Панар Айдарханқызы мектеп оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Сонымен қатар «Жас зеңбірекші» әскери-патриоттық клубының жетекшісі Кенжебеков Тілек Алшымбекұлы да өз тілегін білдіріп,  оқушыларды марапаттады. 

 

Жырдан шуақ шашуға келген 1-сынып оқушыларына да кезек  келіп, жыр шумақтары айтылды. Сонымен бірге 6-сынып оқушылары Тәткен Толғанай мен Урисбай Жансаяның орындауында «Ұстазым» әні шырқалды және қыздар тобы «Ұлытау» биін биледі.

 

Алғашқы қоңырау соғу құрметі 1-сынып оқушылары Айдынұлы Заңғар мен Қыдырәліқызы Аялаға берілді. Жиын соңында 1-сынып оқушысы Елдосұлы Айдостың орындауында «Ең алғашқы қоңырау» әні шырқалды.

 

Алғашқы мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерге және барша мектеп оқушыларына жаңа оқу жылында білім шыңының биігінен көрініңдер! -  деген тілектер айтылып, 2019-2020 оқу жылының басталуына байланысты ұйымдастырылған  салтанатты жиын өз мәресіне жетті. Сонымен қатар сынып бөлмелерінде «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізілді.