2019 жылдың  8 қыркүйек  күні  «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – ның  спорт залында  6 сыныптар арасында  «Салауатты өмір – отбасында»  атты тақырыбында жарыс өткізілді.  Жарысқа барлығы  4 отбасылық команда қатысты ( әкесі, анасы және баласы).

Олар:

  1. Абильбаевтар отбасы.
  2. Есенбаевтвр отбасы.
  3. Шадыбай отбасы.
  4. Боранбаевтар отбасы.

       Сайыстың әділдігін беретін әділқазыларды таныстырып өттік, олар:  Умирзахов Естай АӘД пәнінің мұғалімі және Ильясов Нұрхасым дене шынықтыру мұғалімі.

Командаларға жарыстың бағдарламарын оқып түсіндіріліп, көрсетіліп отырды  (барлық сайыста бірінші әкесі екінші анасы үшінші баласы жүгіреді).

 Сайыс бағдарламалары:

  • Эстафеталық таяқшамен жүгіру
  • Баскетбол добын себетке салу (1 рет)
  • Кенгуру (қаппен секіру)
  • Бадминтон ракеткасымен шарды алып жүру.
  • Арқан тартыс
  • Капитандар сайысы (қол күрес).

        Жарыс өте қызықты және тартысты болды, әр команданың өз жанкүйерлері де келіп қолдау көрсетіп отырды. Әр сайыс аяқталғанда әділқазылар командалардың  ұпайларын көрсетіп отырды. Жарыс қорытындысы бойынша 11 ұпаймен Абильбаевтар отбасы «Көңілді отбасы» номинациясына ие болды, 12 ұпай жинаған Есенбаевтар отбасы ІІІ – орынға ие болса ІІ – орынды 16 ұпаймен Боранбаевтар отбасы алды ал барлығынан озып шыққан Шадыбай отбасы 17 ұпаймен жарысымыздың жеңімпазы яғни І – орынға ие болды. Жарысқа қатысушылар «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ – нің мақтау қағазымен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

   9 қыркүйек отбасы күніне орай кытапханашы Абжанова З кітап көрмесін ұйымдастырды.

    10  қыркүйек  күні   1-   сынып  оқушыларының  ата-аналарына  арналған  «Өз  балаңа  үлгі  бол!»  тақырыбында  іс- шара  өтті. Психологтар   1 -  сыныптың  оқушысын    мектепке  бейімдеу  туралы  ата-аналарға   психологиялық  көмектер  ұсынды.

   11 қыркүйек  күні «Салауатты өмір – отбасында» тақырыбында эссе  жазудан  байқау өтті. Жақсы  жазылған  эсселер    мақтау қағаздарымен  марапатталды.

   12 қыркүйек күні «Салауатты өмір – отбасында»  тақырыбында өткен апталықтың жабылуы болып өтті, жақсы нәтиже көрсеткен оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.