«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2019 жылдың 3 қазанда Республикалық экологиялық сағаттың өтілуі туралы ақпарат

Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебінде өскелең ұрпақты табиғи ресурстарды күту және сақтау мақсатында 2019 жылғы 3 қазанда Республикалық экологиялық сағат өткізді. Республикалық экологиялық сағатты сапалы өткізу мақсатында іс – шаралар жоспары құрылды. Жоспар бойынша бастауыш сынып мұғалімі Бекмуратова Даригул  4б сынып оқушыларына «Егер жер алма болса» тақырыбында танымдық – дамытушылық сабақ өткізді.

Сабақты мақсаты: Жер шарының құрылысы мен құрамын анықтайды;

Жердің ішкі құрылысын сипаттай алады және жер қабығындағы ішкі процестердің себептерін түсінеді.

Мұғалім сабақ барысында оқушыларға бейнебаян көрсетті. Бейнебаянда жер қыртысының қалыңдығын, ғаламшарымыз қандай қабаттардан тұратыны туралы түсінік берді.

 

.

 

5 -6 сыныптарға экологияға негізделген «Жер бетіндегі температураның өзгеруі» тақырыбында сабақ өткізілді. Информатика пәні мұғалімі Ж. Жакуова 5в сынып оқушыларына  «Жер бетіндегі ауа – райының өзгеруі» туралы бейне фильм көрсетіп  таныстырудан бастады.Әрі қарай  ауа-райының өзгерісі жайлы балалармен әңгімелесіп,ой бөлісті.

 

.

              

Осы кезеңде  сұрақ-жауаптар арқылы оқушылардың сыни тұрғыда ойлау қабілетін анықтау мақсатында сұрақтар қойылып,сұрақ-жауапқа жақсы араласып отырған оқушыларды қызықтыру мақсатында мадақтау сөздер айтып отырды. Оқушыларға ой салу мақсатында Қазақстандағы және әлемдегі ауа-райының өзгерісі деген сұрақтар қою арқылы оқушылар  жауаптары тыңдалып, жеке пікірлері айтылды жалпы оқушылар бүгінгі тақырыпты аша алды. Топпен жұмыс жасу мақсатында топтарға жеке тапсырмалар берілді.Оқушылар жұптасып берілген тапсырмаға тиянақты жауаптар беру арқылы өз білімдерін дәлелдеп көрсетті.

 

.

    

Сабақты қорытындылау мақсатында оқушыларға Әлемде болып жатқан табиғаттың және ауа-райының өзгерісі туралы бейнефильм көрсетіліп оқушылар пікірі тыңдалды . Мұнда балалар сабақ барысында меңгерген білімдерін көрсетті. Эко сабақ қызықты болды, меңгерген және білген білімдерін әрқашан есте сақтайды деген сенімдеміз.

 11 – сынып оқушыларға «Мұхиттар қауіпті жағдайда» ашық сабақ өткізілді.                                                          

Оқушыларды мұхиттар мен басқа да су ресурстарының ластануы проблемасымен таныстырылды.Жалпы сыныптық пікірталас барысында оқушылармен осы проблеманы шешу жолдарын талқылады.

Дүниежүзілік мұхит мәселелері қазіргі таңда ең елеулі мәселелердің бірі. Жер шарындағы тіршілік үшін Дүниежүзілік мұхиттың алатын орны ерекше. Оқушыларды мұхиттар мен басқа да су ресурстарының ластануы  мәселесімен таныстыру, түсіндіру мақсатында  11б-сыныбымен экологиялық сабақ өткіздім. Сабақ өте қызықты, тартысты өтті. Оқушылар өте белсенді қатысты. Сонымен қатар алдарындағы әрбір ингредиенттердің су ресурстарына, суда тіршілік ететін ағзаларға қаншалықты зиян екенін түсініп, өз араларында талқылады. Мұхит суларының ластануы әлемдік деңгейдегі экологиялық мәселе болғандықтан пікірталас өте тартысты өтті. Оқушылар экологиялық мәселелердің антропогендік факторлардың әсерінен болып жатқандығын түсінді. Қоршаған ортаның ластануы адам денсаулығына да кері әсері бар екенін ескере отырып, оқушылар болашақта ластанудың себептерін, олардың алдын-алу шараларын қарастыратынын айтып өтті. Болашақта оқушылар ауа, су, топырақ қабаттарының ластанбауына  атсалысатынына сенеміз.