29 қазан күні «Приозерск қаласының №1 ЖОББМ» КММ де мектеп тренерлері Кыдырбаева Гулмира мен Калманова Гулнара білім беру жағдайында сабақтарды тиімді жоспарлау бойынша әдістемелік көмек көрсету, ынтымақтастық әрекетте қиындықтарды бірлесіп шешу мақсатында «Тиімді жоспарлау-нәтижелі сабақ» деген тақырыпта семинар өткізді.

Семинарға мектеп ұжымының ұстаздары, әкімшілігі және мектеп директоры Жұмаханова Панар Айдархановна қатысты.

Бүгінгі семинарымыздың тақырыбын ашу мақсатында төмендегі мұғалімдер өз ойларын ортаға салды. Атап айтсақ, Муратасилова Зухра «Тапсырмаларды құрастыру тәсілдері», Абжапар Маржан «Бағалау критерийлері», Шакетова Назира «Ойлау дағдыларының деңгейлері», Калжанова Айгерім мен Касымова Гулмира «Жабық түрдегі тапсырмалар».

Семинар соңында ұстаздар тәжірибелерін дамыту үшін маңызды ақпарат алғандары туралы ойларымен бөліссе, мектеп директоры жаппай ұжым мұғалімдері жаңа бағыттағы сабақты жоспарлауды талапқа сай орындау керек екенін айта келіп, семинарды өткізген мұғалімдерге алғысын білдірді.

 

                           Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары  Г.А.Калманова

.