Бүгінгі қазақстандық мектептің алдында әлемдік білім беру кеңістігіндегі зерттеулер мен жаңалықтар ашудың ғасырына ену үшін білім беруге жаңа көзқарасты қалыптастыру, ойлау, оқыту, жұмыс істеу, шығармашылық және жалпы алғанда, өмір сүру әдіснамасын қайта қарау міндеті тұр. Сол себепті ХХІ ғасырда еліміздің болашағын алға қарай жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы орта білім беру жүйесіне өзгеріс енгізу маңызды қадамдардың бірі болып отыр. Осыған орай, бүгін, 10.12.2019 ж. Приозерск қаласының № 1 Жетекші мектебінде Қарағанды қаласындағы Педагогикалық шеберлік орталығының әдіскері Е.А.Моторина және білім беру мазмұнын жаңарту мен біліктілікті арттыру Әдістемелік орталығының әдіскері Н.Т. Рыспековалар Жетекші мектептерге курстан кейінгі қолдау көрсету мақсатында семинар-практикум өткізді. Семинар- практикумда Сабақты зерттеу және Іс-әрекетті зерттеу мәселелері, сондай-ақ сабақ тиімділігін жоспарлау мен критериалды бағалау жайындағы сұрақтар жөнінде сөз болып, семинар-практикум қатысушылары өздерін толғандырып жүрген сұрақтар мен мәселелерге толық жауап алды. Семинар-практикум жұмысына қалалық білім бөлімінің жауапты мамандары мен № 1 Жетекші мектеп пен және № 2 магниттік мектептің мұғалімдері қатысты. Жетекші мектеп координаторы Айтбенбетов О.О.