«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттің мекемесінде 2020 жылдың 09 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әбдікеров Рысқали Қалиақпарұлы, Приозерск қаласының әкімі Камзин Қайрат Амангелдіұлы, Приозерск қалалық Мәслихат хатшысы Сәрсембеков Бекзат Мұқсинұлының қатысуымен Педагогтар мен балабақша қызметкерлерімен кездесу өтті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Р. Әбдікеров «Педагог мәртебесі туралы» Заңның аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ұстаздар, тәрбиешілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.