«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде 2020 жылдың 9 қаңтар күні 9-11 сыныптар арасында «Адамгершілік және рухани тазалық» тақырыбында өткізілген дебат туралы ақпарат

   

2020 жылдың 9 қаңтар күні «Сарыарқа саңлағы» жастар жобасын іске асыру негізінде «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің жиын залында 9-11 сыныптар арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Сагатованың ұйымдастыруымен «Адамгершілік және рухани тазалық» тақырыбында дебат өткізілді. Мақсаты: Жастар арасында азаматтық көзқарас және қазақстандық патриотизм қалыптастыру, рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған пікірталас арқылы Абай Құнанбаев, Әл-Фараби, тағы басқа ұлы ойшылдардың, қазақ халқының қоғам қайраткерлерінің мәдени мұраларын сақтау және арттыра түсу.

   

Дебатқа қатысушылар «Болашақ жастары» және «Алаш» болып, екі топқа бөлінді. Екі топ та өздерінің тақырыбы мен  міндеттері бойынша жауапкершілікті сезініп, үлкен дайындықпен келген.

    

Жақтаушы  «Болашақ жастары» тобының  бірінші спикері  Байғазиева Аружан  өз сөзінде жақсы мәліметтер айта отырып, өз позициясын қорғап шықты. Осы топтың екінші спикері Раджапбай Алмас та дәлелдер келтіре білді.

    

Даттаушы топтың, яғни «Алаш» тобының  бірінші спикері Исаев Саулет өз ойын айта білді. Осы топтың екінші спикері Уристемов Мейіржан да өте тың, қызықты  мәліметтер келтіре отырып, ойын нақты жеткізді.

     

Оқушылар арасында өткізілген дебат өте қызықты тартысқа құрылды. Дебат  оқушыларға Абай Құнанбаев, Әбу-Насыр әл-Фараби және тағы басқа қазақ халқының ұлыларының  рухани, әдеби және мәдени мұраларын зерделеуіне мүмкіндік берді.