2020 жылдың  17 қаңтар күні «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде 1-11 сыныптар арасында бірыңғай «Парасаттылық сағаттары» өткізілді. Аталмыш іс-шараға мектебімізден      1031 оқушы қатысты.

Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру.

 

«Парасаттылық сағаттарында» сынып жетекшілер парасаттылықтың адамның бойындағы кісілік қасиеттерінің бірі екендігін ұғындырды. Сонымен қатар парасатты адамға адамгершілік, әдептілік,мейірімділік қасиеттері тән екендігін айтып өтті. Оқушылар осы аталмыш тақырып аясында өз ойларын ортаға салды. Сабақтар барысында  оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап, алдына қойған мақсаттарына, белгілі бір нәтижеге өз мүмкіндіктерін пайдалану арқылы ғана жету керектігін түсінді.