«Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдығына

және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  арналған 

Абай жылы іс-шарасының өткізлуі туралы ақпарат

 

Приозерск  қаласының  №1 ЖОББМ» КММ-де    21 ақпан күні

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасының 3 жылдығына және Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына  орай, Абай жылы тақырыбының мазмұнын ашатын мерекелік кеш болып өтті.

       Салтанатты кеш ұлы Абайға арналған  жыр шумақтарымен басталды.  Сахнада Абайдың өлеңдерін өзге ұлт өкілдері нақышына келтіріп оқып, ақын жігіттің арнайы термесімен жалғасын тапты.

Баяу музыкамен «Шаттық» қыздар тобының әсем биімен басталған бөлім Абай ауылында болып жатқан «Алтыбақан» ұлттық ойынымен ұласты. Кештің әсерлі өтуіне Абайдың «Сегізаяқ», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай» атты төл әндерінің ұстаздар тарапынан орындалуы ұтымды шықты.

Сахна қойылымында Абай образдарын сенімді әрі шебер орындаған сахна кейіпкерлері бала Абайдан дана Абайға дейінгі қайталанбас сәттерін «Әке мен бала», «Абай мен Тоғжанның кездесуі», «Абай ауылында» атты көріністермен  тақырып мазмұнын ашатындай етіп сомдап, көрермен қауымның ықыласына бөленді.

 Кештің соңында қала әкімі Қ. А. Камзинге сөз берілді. Мектеп өнерпаздары мен мектеп мұғалімдеріне алғыс айтып, ризашылығын білдірді.

 

 

 

Директордың оқу ісі жөніндегі   орынбасары                    Г.А.Калманова