«Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде  Пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық  инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында

атқарылып жатқан іс шаралар туралы ақпарат

 

  • Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, педагогтердің, білім беру ұйымдарының басқа да қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, сондай – ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жариялаған пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – коронавирустық инфекция) таралуын алдын алу үшін Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 12 наурыздағы №20 қаулысының, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 14 наурыздағы №108 бұйрығы, Қарағанды облысы білім басқармасының 2020 жылғы 14 наурыздағы №114 бұйрығы және Приозерск қаласының Білім бөлімінің 2020 жылғы 14 наурыз күнгі №34 бұйрығы негізінде білімалушылардың барлығы 16 наурыздан – 05 сәуір аралығында көктемгі каникулға жіберілді. Ағымдағы жылғы 13 наурыздан бастап бұқаралық іс – шаралар өткізуге тыйым салынсын (мерекелік, концерттік, мәдени, спорттық іс – шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т.б), білім алушылардың халықаралық спорттық, мәдени, туристік іс – шараларға шығуына тыйым салынды.
  • мектеп әкімшілігі, техникалық қызметкерлер қашықтықтан жұмыс істеуге жіберілді.
  • кестеге сәйкес кезекті еңбек демалысына мектептің еден жуушысы, мектептің программисті, хатшысы барлығы – 3 адам шықты.
  • мектептегі барлық оқу кабинеттері, залдар арнайы қоспалармен залалсыздандырып, тазаланды.
  • мектептің кіре беріс дәлізге, І қабатқа қол тазалау үшін арнайы құрылғы орнатылды және 14 данаға тапсырыс берілді.

                       

  • шеттетілген режимде қашықтық технологияларының негізінде оқу – тәрбие процесін қамтамасыз ету үшін директордың оқу – ісі жөніндегі орынбасары, информатика пәні мұғалімі Улмаханов Нуркен Жумадиновичке қажетті программаларды мектеп ұстаздарына үйрету міндеттелді.
  • әр сыныптағы оқушылардың мұғалімдердің үй жағдайында интернетке қосылу мүмкіндігі, электронды құрылғылардың бар болуының есебі алынуда.
  • Пандемия кезеңінде COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында барлық іс шаралар атқарылуда.