15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай 2020 жылдың 11-15 мамыр күндері аралығында 1-11 сыныптар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында «ZOOM» бағдарламасы арқылы онлайн сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың отбасы туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Сынып сағаттарын өту кезінде сынып жетекшілер оқушыларға тақырып аясында сұрақтар қойып,оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды.
11 мамыр күні 1-4 сыныптар арасында «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: өскелең ұрпақты тәрбиелеу кезінде отбасылық салт-дәстүрлерді қолдау және оқушылардың көркемдік шығармашылығын дамыту.
12 мамыр күні 5-7 сыныптар арасында отбасы күніне өлеңдер байқауы өткізілді. Әр сынып өз отбасына арнап өлеңдер оқыды. Өлеңдерді тыңдай отырып, оқушылардың өз жанұясына деген құрметі байқалады.
13 мамыр күні 8-9 сыныптар арасында «Отбасы – бақыт мекенім» тақырыбында эссе байқауы өткізілді. Эссені жазу барысында оқушылар өз ойларын еркін, анық жеткізіп, сауатты жаза білген.
14 мамыр күні 10-11 сыныптар «Бақытты отбасы» тақырыбында бейнероликтер жасады. Бейнероликтерді көру барысында әрбір баланың отбасына арнап, шын ықыласпен жасағаны аңғарылды.
15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай өткізілген іс-шаралар оқушылардың бойында ұйымшылдық, бауырмалдық, жанашырлық сезімдерін қалыптастырады.