«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Нурсейтова Лена Шамшатовнаның жетекшілігімен «Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру» жобасы қолға алынды. Мақсаты: латын әліпбиіне көшудің маңыздылығын көрсету, тілді меңгерудің тиімді жолын қарастыру. Осы жоба бойынша 2020 жылдың 23 қазан күні Л.Нурсейтованың ұйымдастыруымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн түрінде мектеп оқушыларымен лекция өткізілді. Бұл лекцияда Л.Нурсейтова өз сөзін рухани жаңғырудың темірқазығы болып отырған латын қарпін енгізуге баршамыздың атсалысуымыз маңызды екендігін айта келіп, латын әліпбиіне көшудің ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашатындығын тілге тиек етті. Оқушылардың да латын əліпбиіне көшу туралы ой-пікірлері тыңдалды. Сөз соңында Л.Нурсейтова латын әліпбиіне көшудің ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ететін алтын көпір екендігін айтып, сөзін түйіндеді.