2020 жылдың 28 қазан күні «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде «Өнегелі өмір» жобасы аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі орынбасары, подполковник Жұмабеков Дәулет Дәуітұлымен кездесу болып өтті. Кездесуге «Қамқорлық» кеңесінің төрағасы Кенжебеков Тілек Алшимбекұлы мен мектебіміздің "Жас зеңбірекші" әскери патриоттық клубының тәрбиеленушілері қатысты. Кездесу қонағы Дәулет Дәуітұлы оқушыларға өз еңбек жолымен таныстырып, жетістікке жету жолында аянбай тер төгу керектігін түсіндірді. Сонымен қатар көздеген мақсатына жету үшін әрбір азаматтың бойында қабілет пен іскерлік, ізденімпаздық пен талапкершілік қасиеттері болу керектігін де айта кетті. Оқушылар тарапынан Дәулет Дәуітұлына маңызды сұрақтар қойылды. Бұл кездесу жас ұрпақтың өмірде өз орнын табуына, елінің патриоты болуына бірден-бір септігін тигізері анық. Кездесу әсерлі өтті.