2020 жылдың 6 қараша күні «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде

«Өнегелі өмір» жобасы аясында өткізілген кездесу туралы ақпарат

 

2020 жылдың 6 қараша күні «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының Балқаш өңірлік филиалы, 389906 бөлімшесінің директоры Абдукаликов Думан Асетовичпен кездесу болып өтті. Кездесуге мектебіміздің 10-11 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында Думан Асетович оқушыларға алдына мақсат қоя білетін  жауапты адам ғана табысқа, жетістікке жететіндігін айтып түсіндірді. Жетістікке жету жолында кездесетін кедергілер мен қиындықтарға мойымай, алға ұмтылу арқылы ғана өз мақсатыңа жетуге болатындығын өз өмірінен мысалдар келтіре отырып ұғындырды. Кездесуге қатысқан жоғары сынып оқушылары Думан Асетовичтің әңгімесін аса қызығушылықпен ден қоя тыңдады. Кездесу қонағына оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Бұл кездесу оқушылардың ерте жастан мамандығын таңдап, үлкен өмірге икемделуіне бірден-бір әсерін тигізді. Кездесу сәтті аяқталды.