2020 жылдың 20 қараша күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде тарих пәнінің мұғалімі Киздарбекова Сауле Шарафадиновна «Тарих тағылымы» жобасы бойынша тарих пәнінің мұғалімдерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн түрінде Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай конференция өткізді. Конференция барысында С.Киздарбекова «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада С.Киздарбекова Шыңғыс хан құрған империяның ыдырап, оның орнына келген мемлекеттер мен Жошы ұлысының тарихы жайында баяндады. Тарих пәнінің мұғалімі Г.Кыдырбаева да Алтын Орданың тарихы туралы қызықты деректермен бөлісті. Конференцияға спикер ретінде «Приозерск қаласының №2 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің тарих пәнінің мұғалімі Давлетиярова Мариям Баймуратовна қатысты.  Конференция  әсерлі өтті.

#karuo