15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай 2021 жылдың 10-14 мамыр күндері аралығында 1-11 сыныптар арасында ZOOM платформасы арқылы онлайн түрінде «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: оқушылардың отбасы туралы білімдерін шыңдай түсу, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу. Сынып сағаттарын өту барысында сынып жетекшілер оқушыларға тақырып аясында сұрақтар қойып, оқушылар өз ой-пікірлерін ортаға салды. Сонымен қатар 1-4 сыныптар арасында «Отбасы – өмір аясы» тақырыбында сурет байқауы өткізілді. Мақсаты: оқушыларға отбасының маңыздылығын түсіндіріп, шығармашылық қабілетін шыңдау. Аталмыш іс-шаралар оқушылардың бойында ұйымшылдық, бауырмалдық, жанашырлық сезімдерін қалыптастырады.