2021 жылғы 22 мамырда Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің "№1 жалпы білім беретін мектебі" КММ-нде жалпымектептік ата-аналар жиналысы болып өтті. Жиналыс барысында 2020-2021 оқу жылының қорытындысы мен жазғы мектептің жұмысын ұйымдастыру туралы айтылды және ата-аналарға жазғы демалыс кезінде балаларының денсаулықтары мен қауіпсіздігіне мұқият болулары ескертілді.