2021 жылғы 25 мамырда мектеп ауласында соңғы қоңырау салтанатты жиыны болып өтті. Соңғы қоңырауда мектеп бітіруші 54 түлек сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, сапқа тұрғызылды. Мектеп бітіруші түлектерді құттықтау үшін алғашқы сөз мектеп директоры П.Жұмахановаға берілді. Ата-аналардың атынан сөз сөйлеген Р.Ерекеева да түлектерге жылы лебізін білдірді. Мектебіміздің үздік аттестат үміткері А.Тәңірберген білім кілтін 10-сыныптың оқу озаты Ж.Мухиядинге табыстады. Соңғы қоңырау мерекесі 11-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты. Соңғы қоңырау соғу құрметі мектеп түлектері М.Қалдыбай мен А.Тәңірбергенге берілді. 2020-2021 оқу жылының соңғы қоңырау салтанатты жиыны өз дәрежесінде өтті.