27.10.2017

Оқушыларға күз мезгілінің молшылық, байлық, берекенің мезгілі екендігін түсіндіріп, табиғатқа қамқорлықпен қарау қатынастарын тәрбиелеу мақсатында  «Приозерск қаласының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нде 2017 жылдың  20 қазан күні  9-11 сыныптар арасында «Күзгі балл» мерекелік кеші өткізілді.   

               

Мерекелік кештің талаптарына сай әр сынып өздері дайындап келген өнерлерін тарту етті. 9 «Ә» сынып оқушысы Бекмахан Ақмерей,10 «А» сынып оқушысы Берденова Жанат, 11 «А» сынып оқушысы Утемурадов Ғалымжандар әсем әндер шырқаса, 9 «А», 10 «А», 11 «Ә» сынып оқушылары вальс биін, 9 «Ә», 9 «Б» сынып оқушылары флешмоб биін биледі. Сонымен қатар түрлі ойындар ұйымдастырылды. Мерекелік кеш өте қызықты өтті.

 

2017 жылдың  21 қазан күні 7-8 сыныптар арасында «Алтын күз» атты сайыс болып өтті. Халықтың мерекесі де, берекесі де болған Алтын күзге арналған сайыстың бес кезеңнен тұратындығы хабарланып, әділқазылар алқасы таныстырылды және сахнаға сайысқа қатысушы үміткерлер шақырылды.

 

«Алтын күз» сайысына 7-сынып оқушылары Ж.Мухияддин, Қ.Ақан, Т.Ысмайлова, Б.Абдикаримов, Ә.Шанкитбаева, Б.Алишке, С.Изтелеуова, С.Ибадуллаевтар мен 8-сынып оқушылары С.Изтелеуова, Б.Нысанбай, Т.Абдукаримов, Ф.Куанбай, А.Аманкулов, А.Бөлегенова, Г.Нұрмұратова,  Е.Мағауиялар қатысты.             

 

Оқушылардың сайысқа жауапкершілікті сезініп, тыңғылықты дайындықпен келгендіктері бірден аңғарылды. Бес кезең толық орындалғанда, «Алтын күз» сайысының қорытындысы бойынша жеңімпаздарды анықтау үшін әділқазылар алқасы ақылдаса отырып, жеңімпаздарды жариялады. Нәтижесінде 7 «Ә» сынып оқушылары «Күз ханзадасы» мен «Күз ханшайымы» атанып, бас жүлдені жеңіп алса, 8 «В» сыныбы -І, 8«А», 8«Б» сыныптары -ІІ, 7«А», 7«Б» сыныптары -ІІІ орындарды иеленді. Бұл аталған сыныптар мақтау қағаздарымен марапатталды, ал 7«В», 8«Ә» сыныптарына белсене қатысқаны үшін алғыс хаттар берілді.               

 

Сайыс соңында қатысушылардың жүздері балбұл жанып, көңіл-күйлері көтерілгендері байқалды.