2021 жылғы 14 маусымда мектеп ауласында мектеп бітіруші түлектерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты мектеп бітіру кеші болып өтті. Мектеп бітіруші 54 түлек сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, сапқа тұрғызылды. Түлектерге аттестатты мектеп директоры П.Жұмаханова мен мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.Утегенова табыстады. Құттықтау сөз «Қамқоршылық» кеңесінің төрағасы Т.Кенжебековке, сынып жетекшілері мен ата-аналарға беріліп, олар өздерінің лебіздерін білдірді. Мерекелік кеш 11-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты. 2020-2021 оқу жылының мектеп бітіру кеші өз дәрежесінде өтті.