Х А Б А Р Л А Н Д Ы Р У

Құрметті ата-аналар!

 

Приозерск қаласының білім бөлімі, барлық жалпы білім беретін мектептерде 2021 жылдың тамыз айының 5 мен 20 күндері аралығында 1-сыныпқа дайындау мақсатында «Балақайлар мектебі» қысқа мерзімді мектепалды даярлық курстары жүргізілетінін хабарлайды.

Бұл – мектепке дейінгі мекемелерге бармаған оқушылардың ата-аналары үшін маңызды ақпарат.

Даярлық курсының мақсаты: балалардың мектепте оқуға деген ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, 1 сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету. 

Ескерту: Толық мәлімет алу үшін төмендегі кестеде көрсетілген 1-сыныпқа құжат тапсырған білім беру ұйымдарына хабарласуларыңызға болады.

 

Білім беру ұйымының атауы

Байланыс телефоны

Мекен – жайы

1

Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ

87103954226

Кисунько көшесі 11 А