Елімізде жаңа 2021-2022 оқу жылының басталуына байланысты жалпы Республикалық «Мектепке жол»  қайырымдылық акциясы жүргізілуде. Соның ішінде Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде де аталған қайырымдылық акциясы бойынша бейне сюжет қойылып, осы тақырыптағы плакат, баннер ілінді. Жыл сайынғы өткізіліп отырған акцияның мақсаты  жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу, жетім балаларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көп балалы және тұрмыс жағдайы төмен отбастарына нақты көмек көрсету болып табылады.         

Қайырымдылық акциясы аясында, ізгілік жолында көмекке зәру жандарға қолдан келген көмегімізді аямайық, ағайын! Акцияға қатысқан жандарға мың алғыс! Әр кез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып, жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!

Жанар Садуакасова,

«№1 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әлеуметтік педагогы