2021 жылғы 1 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының Приозерск қаласы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің ауласында 1-сынып оқушыларының қатысуымен білім әлеміндегі дәстүрлі мерекенің басы болған «Кел, балалар, оқылық!» атты салтанатты жиыны болып өтті, ал 2-11 сыныптарда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Салтанатты жиында 1-сынып оқушылары сақтық шараларын қатаң сақтай отырып, сапқа тұрғызылды. Приозерск қаласының әкімі С.Сатаев пен  мектеп директоры П.Жұмаханова 1-сыныпқа алғаш қадам басқан бүлдіршіндерді жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады. Бір ғасырдан астам уақыт бойы мектептің бойтұмары болған «Әліппе» оқулығын 1-сыныптарға мектебіміздің 11-сынып оқушылары салтанатты түрде табыстады. Мерекелік кеш 1-сынып оқушыларының концерттік бағдарламасына ұласты.

2-11 сынып жетекшілері «Тәуелсіздік жетістіктері» тақырыбында өткізілген сынып сағаттарында оқушыларды тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырды, сонымен қатар Семей ядролық полигонының жабылуына – 30 жыл, қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогі Ы.Алтынсариннің туғанына – 180 жыл толғандығын да айта кетті.